Сіздің хабарламаңыз жіберілді, біздің маман жақында сізбен хабарласады..
Электрондық пошта буферге көшірілді.

Қарыз алушыларды сақтандыру

Жақындарыңызды кредит төлемдерінен қорғау

Банк беретін кредит – тұрғын үй жағдайын жақсартудың, жаңа автокөлік иесі атанудың немесе жеке бизнесашудың ыңғайлы әрі оңай тәсілі. Бұл қауіпті қадамға келісе отырып, ертеңгі күннің болмай қалуы мүмкінекендігін көп ешкім ойлай бермейді. Оның бәрін жағдай біледі, ал кредит бойынша төлем тұрақты түрдетөлеуді қажет етеді және өмірде орын алып жатқан жағдайларға қарамайды. Өкінішке орай, тағдырдыңтауқыметімен келісуге немесе дауласуға болмайды. Есесіне кредитті төлеу жауапкершілігін Standard Lifeөмірді сақтандыру компаниясына артып қоюға болады.

Standard Life-та қауіптердің бәрі қарастырылған. Сақтандыру жағдайы күтпеген жерден орын алған кездекомпания қарыз алушының қарызын өтеп береді, ал оның жақындары ешқандай қаржы қаражатын шығындамайды.Тіпті, өмірдің кез келген жағымсыз жағдайында бізбен бірге сіз де, отбасыңыз да қаржы міндеттемелеріненсенімді түрде қорғаласыздар.

Сомасы азайтылатын ерікті шұғыл сақтандыру шарттары бойыншатарифтік мөлшерлемелер

АҚПАРАТ
СҰРАҚ-ЖАУАП
Банк
Қарыз алушы өмірден кез келген себеппен қайтыс болған жағдайда кредит бойынша қарызсомасын қаржы ұйымы төлейді
  • Қаржы мекемелерінің тәуекелдерін төмендету.
  • Мүгедектік белгіленген жағдайда сақтандыру компаниясының есебінен кредит бойынша кезекті салымдардыжартылай өтеу.
  • Кепіл затын алмай-ақ кредит қалдығын өтеу
  • Қосымша сақтандыру өтемдерін таңдау.
МҰРАГЕРЛЕР
Кредит алған адам кез келген себеппен қайтыс болған жағдайда кредит бойынша қарызсомасы мұрагерлерге төленеді.
  • Сенімді түрде сақтандыра отырып қорғау, әлемнің кез келген жерінде 24/7 әрекет етеді.
  • Сізді және жақындарыңызды сенімді қаржылай қорғау.
  • Кепіл затын алмай-ақ кредит бойынша қалдықты өтеу.

Егер сіз Банктегі/Микронесие беру ұйымындағы қарызыңызды мерзімінен бұрын өтесеңіз, және «Standard Life» ӨСК» АҚ-мен жасалған қарыз алушыны сақтандыру шартыңыз* болса:
1) Азайтылатын сақтандыру сомасымен қарыз алушының өмірін мерзімінен бұрын ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша төленген сақтандыру сыйақысының сомасы қайтарылмайды, себебі шарт қарыз алу шартының талаптарына байланысты ерікті болып табылады. 5 баптың 5.4 тармағына сәйкес Сақтандыру шартын бұзу кезінде, Сақтандыру шартының 5.3 тармағында көзделмеген жағдайларда, соның ішінде Сақтанушы Сақтандыру шартынан бас тартқан жағдайда, сақтандыру сыйақысы қайтарылмайды. Азайтылатын сақтандыру сомасымен өмірді шұғыл ерікті сақтандыру ережелері 23.07.2015 жылы «Standard Life» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілді (Директорлар кеңесінің №32 хаттамасы) және ҚР Заңнамасына қайшы келмейді.
2) Қарыз алушының өмірін шұғыл ерікті сақтандыру немесе Қарыз алушыны жазатайым оқиғалардан шұғыл ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша – сіз «Standard Life» ӨСК» АҚ-на жүгініп, қарызды мерзімінен бұрын жабу туралы анықтаманы, жеке куәліктің көшірмесін (салыстыру үшін түпнұсқасымен) ұсынып, Қарыз алушыны Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйақысының пайдаланылмаған бөлігін қайтару туралы Басқарма Төрағасының атына еркін нысанда өтініш жазу қажет. Бұл шарт Несие-қарыз шартымен байланыстырылған және сәйкесінше, берешекті өтеу кезінде клиент несиені жабу сәтінен бастап қарыз алу шартында соңғы төлем күні ретінде көрсетілген мерзімге дейінгі кезең үшін төленген сыйлықақының бір бөлігін қайтара алады.