Сіздің хабарламаңыз жіберілді, біздің маман жақында сізбен хабарласады..
Электрондық пошта буферге көшірілді.

Зейнеткерлік аннуитет

Жинақталған зейнетақы қаражатына деген сенімділік

Елу жаста өмір енді басталады! Өзіңізге деген сенімділік және толық қалыптасу деңгейі өзгелердің пікірінелемей, әрбір атқан таңыңыздан рақат алатын ғажайып кез орнайды. Балалар өмірден өз орындарын тапты,жұмыста ешкімге ештеңені дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Әңгіме-дүкеннен рақат алып, жаңа көкжиектерді ашатын, бұрындары қол жетпеген істерді жүзеге асыратын кезкелді. «Standard Life» ӨСК» АҚ жинақталған зейнетақы қаражатыңызды белгіленген мерзімнен 8 жыл ертерекалуға мүмкіндік береді, бұл ретте сіз төлемдеріңіздің 5%-ы мөлшеріндегі жыл сайынғы индексацияны аласыз.

Зейнеткерлік аннуитет бойыншатарифтер

ЕСЕПТЕУГЕӨТІНІМ ЖІБЕРУ
Жинақтау параметрлеріңізді ескерген кезде зейнетақы төлемдеріңіздің сомасы есептеледі
АҚПАРАТ
СҰРАҚ-ЖАУАП
  • Зейнетақы төлеміңізді белгіленген мерзімнен 8 жыл ертерекаласыз
  • Жинақталған қаражат 5% мөлшерінде жыл сайыниндексацияланады
  • Зейнетақы аударымдарын бірмезгілде StandardLifeкомпаниясынан да,БЗЖҚ-дан да алуға мүмкіндік бер

    клиенттің зейнеткерлік қамсыздандыру туралыкелісімінде еңбек қызметі жалғасатын болса, зейнеткерлік аударымдар БЗЖҚ-ға түседі.Клиент StandardLife компаниясынан зейнетақытөлемдерін алады.

  • Кепілдендірілген кезең аяқталғанша мұрагерлерзейнеткерлік төлемдерді алады
  • «Стандарт Life» ӨСК» АҚ-пен жасалған зейнеткерліканнуитет шартын жасау туралы өтініш
  • Клиенттің жеке куәлігінің көшірмес
  • Жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) алынған үзінді-көшірме. онлайн үзінді-көшірме. Толығырақ ,онлайн үзінді-көшірме
    Сұрау
  • Банктік деректемелер (IBAN есептік жазбасы бар)

 

Зейнеткерлік аннуитет – бұл өмірді сақтандыру компаниясыменжасалған шарт, егер БЗЖҚ-дағы жинақтаған ақшаңыз жеткілікті болса, аталмыш шарт бойыншазейнетақыны белгіленген мерзімнен ертерек ала беруге болады.

Әйелдер 51 жасында зейнетақы алу үшін олардың шотында 14 242 349 теңге болу керек. Ал еркектер 55жасында зейнеткерлік демалысқа шығу үшін 10 313 351 теңге жинау керек.

Міндетті зейнеткерлік аударымдар есебінен құралатын жинақталған қаражат жеткіліксіз болған жағдайдаерікті зейнеткерлік жинақ есебінен жинаған қаражатыңызды пайдалана аласыз.

Зейнетақы төлемдерінің көлемі жинаған қаражатыңыздың мөлшеріне байланысты.

Төлемдер қазақстандықтардың орташа статистикалық жасына негізделеді, бұл еркектер мен әйелдер үшінбөлек-бөлек саналады. Мұндай жағдайда есептеу АЕК байланысты болатын зейнетақының ең төменгі мөлшеріненегізделеді. Егер зейнеткер зейнетақы қорынан төлем алатын болса, зейнетақы төлемдері индекстелмейді, алзейнетақыны StandardLife арқылы алсаңыз, 5%-ға индекстеледі.

Жинаған сомаңыз зейнеткерлік аннуитет шартын жасауға арналған кіріс шаманың мөлшерінен көп болса,қаражаттың артығын БЗЖҚ-ға сақтап қоюға болады. Тағы бір тәсілі - зейнеткерлік аннуитет шартын рәсімдеп,еңбек қызметімен айналысуды жалғастыру. Екі жағдайда да StandardLife компаниясынан да, БЗЖҚкомпаниясынан да зейнетақы ала аласыз. Сонымен қатар әрдайым базалық зейнетақы және ынтымақты зейнетақы(1998 жылға дейін еңбек өтілі болған жағдайда) пайдаланылады.

«StandardLife» ӨСК» АҚ-пен зейнеткерлік аннуитет шартын жасау туралы өтініш (оған тіркелген қажеттіқұжаттар: жеке куәлік, зейнетақы қорынан үзінді-көшірме) – Төлемдерді есептеу – Зейнеткерлік аннуитетшартын үш данада шығару – Шарттың 1 данасын Зейнетақы қорына беру (1 данасы Клиентке, 1 данасыКомпанияға) – Зейнетақы жинақтарының Зейнетақы қорынан компанияға түсуі – Клиентке зейнетақы жинақтарынаудару – Клиенттің банктегі шотынан жинақтарды алу.

Сақтандыру шартын жасаған кезде реквизиттері көрсетілген кез келген банк шотынан ақша қаражатын алуғаболады. Ақша аударымы, есептеу және зейнеткерлік аударым сомаларын төлеуге байланысты банктікқызметтерді төлеу компанияның жеке қаражаты есебінен іске асырылады.

Назар аударыңыз! Қаражатты Банк шотынан алған кезде Банктің ішкі рәсімдеріндебелгіленген мөлшерде комиссия ұсталуы мүмкін.

Иә, берілуі мүмкін! Зейнеткерлік аннуитет шартын 5, 10 немесе ең көп дегенде 15 жыл кепілдендірілгенсақтандыру мерзімімен жасауға болады.

Бұл қалай әрекет етеді? Егер клиент кепілдендірілген мерзімді 10 жыл деп белгілеп, 6жылдан кейін қайтыс болса, қалған 4 жылда оның төлемдерін шартта көрсетілген төлемнің мұрагерлері алыптұрады.

Клиенттеріміздің қамын ойлап, Компания Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша СМС таратылым жүргізеді. Зейнетақы қоры Сіздің зейнетақы жинақталымдарыңызды Зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген көлемде «Standard Life» ӨСК» АҚ-на аударды. Егер сізге келесі мазмұндағы хабарлама келсе:

«-'Standard Life' ӨСК' АҚ: БЖЗҚ-нан сыйақының түскенін хабарлаймыз. __/__/201_ж. ______ тг. АҚПАРАТ: 8 8000 700 800

- __.__.201_ Standard Life ӨСК АҚ: __.__.20__ №'_________' шарт бойынша Сізге кезекті төлемнің жүргізілгенін хабарлайды.
АҚПАРАТ: 8 8000 700 800»

Ақшаның нақты қай шотқа жіберілгені туралы ақпарат алу үшін 8 8000 700 800 нөмірі бойынша 6134 ішкі нөмірін теріп, төлемдерді жүргізу бөліміне хабарласыңыз

Егер сіз Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлем алмасаңыз, сізге Колл-орталықтың 8 8000 700 800 нөмірін теру қажет, Сізді компанияның Төлемдер жүргізу бөлімімен байланыстырады (немесе 6134 ішкі нөмірін теріңіз) – Төлемдер жүргізу бөлімі.

Төлемнің жүргізілмеу себептері:
1) Жыл сайын шарттың жылдығында клиент компанияға өзінің тірі екендігінің ресми растауын ұсынуға тиіс. Бұл үшін компанияға жеке куәліктің көшірмесін ұсынып, мұны жеке өзінің келуімен және өз қолтаңбасының қойылуымен куәландыру қажет.
2) Кепілдендірілген кезең аяқталып, клиент компанияға өзінің жеке куәлігін ұсынбаса және мұны жеке өзі келіп және өзінің қолтаңбасымен куәландырмаса, төлем мұндай растау жүргізілгенге дейін тоқтатылуы мүмкін.
3) Егер сіздің деректемелеріңіз – шоттарыңыз ескірсе немесе «Halyk Bank» АҚ мен «Казкоммерцбанк» АҚ банктерінің бірігуіне байланысты өзгерсе, төлем қайтып келуі мүмкін, бұл жағдайда сізге «Standard Life» ӨСК» АҚ жақын жердегі кеңсесіне келіп, ағымдағы шотыңыздың 20-орындық нөмірін хабарлау қажет